IMG 9995 972x648 

Екібастұз ГРЭС-1 ұжымы Халықаралық балаларды қорғау Күнін мерекелеуге белсенді қатысты.

«Спеши творить добро» қайырымдылық марафоны аясында станция қызметкерлері және бас мердігер компанияларының күшімен барлығы 1 925 000 теңге сомасына шұғыл емдеуге мұқтаж 24 балаға ақшалай қаражат жиналып, материалдық көмек көрсетілді.

Одан басқа, №11 орта мектебінің әкімшілігімен бірлесіп, Екібастұз қаласының Энергетикалық муниципалдық округында тұратын балаларға арналған концерттік бағдарлама мен спорттық-көпшілік іс-шаралары ұйымдастырылды.

Балалар «Қызықты старт» эстафетасына қатысып, асық немесе тоғыз құмалақ сияқты ұлттық ойындарын ойнап күш сынасты. Мектеп дәлізінің әр тілімін түрлі-түсті борлармен суреттеп шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Мереке соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылып, мектеп директоры Назгүл Махметқызы Мұсабекова және ГРЭС-1 «Нұр Отан» партиясының бастапқы ұйымының төрағасы Қараменде Омарбеков балаларды мерекемен құттықтады.

Фото