Акылов Нариман Бекетұлы

«Самрук-Энерго»АҚ омбудсмені

«Самұрық – Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Омбудсмен туралы Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес Омбудсмен-Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Қоғам жұмыскерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Қоғам жұмыскерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдем көрсету болып табылады.

Ережеге сәйкес, Омбудсменнің негізгі міндеттері Қоғам жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларының қоғамның іскерлік әдеп Кодексін сақтауын қамтамасыз ету және оның Ережелерін түсіндіру, қоғам жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларына корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеуде көмек көрсету, қоғам жұмыскерлері мен лауазымды тұлғаларына қоғамдағы заңға қайшы келетін әрекеттер туралы хабарлауда көмек көрсету болып табылады. Бұл ретте Ереженің 15-тармағына сәйкес Омбудсмен Іскерлік әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін бұзу фактісі бойынша жүгінген жұмыскердің, лауазымды тұлғаның аты-жөнін көрсетпеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Қоғамның лауазымды тұлғалары мен басқа да жұмыскерлерінің заңға қайшы әрекеттерінің фактілері турады Омбудсменнің сенім телефоны бойынша (7172) 55-30-15; +7-701-788-84-16 (Нариман Бекетович Акылов), сондай-ақ жазбаша өтініштерді қабылдау үшінэлектрондық пошта арқылы akylov@samruk-energy.kz хабар беруіңізге болады.

 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»