2024 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстанның еңбек етуші әйелдерінің алғашқы Форумы өтті
Альмира Ауелбаева
April 18, 2024
2024 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстанның еңбек етуші әйелдерінің алғашқы Форумы өтті. Форумға БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стоун, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының БЕАК Бас хатшысы Эстер Линч, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Парыз» ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы бас директорының орынбасары Шолпан Әбікенова және бүкіл республикадан 60 делегат қатысты. Форумда гендерлік саясатты іске асыру , жұмыс істейтін әйелдер үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және еңбекті қорғау, Қазақстан Республикасының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы» ХЕҰ №190 конвенциясын ратификациялау мәселелері қаралды. Пленарлық отырыстан кейін форум тақырыптық секциялар бойынша жұмыстармен жалғасты, онда қатысушылар әйелдер үшін лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және әйелдердің қоғамның тұрақты дамуындағы әлеуеті мәселелерін талқылады.
Павлодар облысынан форумға үш әйел қатысты, олардың бірі, біздің кәсіпорынның және бүкіл энергетика саласының өкілі ТАҚЖ цехының инженері Елена Сергеевна Ширяева ҚР Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен марапатталды. Біз бәріміз өз делегатымызды мақтан тұтамыз және ары қарай табыстар тілейміз.