2024 жылдың наурыз айының соңынан бастап ел өңірлерінде су тасқыны жағдайының нашарлауы байқалуда.
Альмира Ауелбаева
April 22, 2024
2024 жылдың наурыз айының соңынан бастап ел өңірлерінде су тасқыны жағдайының нашарлауы байқалуда. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) ақпараты бойынша, аса күрделі жағдай Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында байқалады. Қазақстан 80 жыл ішіндегі ең ауқымды су тасқынына тап болды.
“Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС” ЖШС станциясы бұл жағдайда шетте қалмады! Екібастұз қаласының еріктілер ұйымдарымен бірлесіп (16 адам жұмылдырылды) Солтүстік Қазақстан облысына, ерекше зардап шеккен ауылдарға 6 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізу ұйымдастырылды!
@gres1.kz #БізБіргеміз #КүшімізБірлікте #Екібастұз1МАЭС