+7 7187 282 125

Тұрақты даму тұжырымдамасы мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып ұйымның ұзақ мерзімді кезеңдегі орнықтылығына нұқсан келтірмей оның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.

Тұрақты даму Тұжырымдамасы үш негізгі аспектіні біріктіреді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық, олар тұрақты дамудың үштұғырлы тұжырымдамасының негізі болып табылады. Экономикалық компонент шектеулі табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануды және экологиялық таза табиғи, энергетикалық және материалды үнемдейтін технологияларды қолдануды, соның ішінде шикізатты өндіру мен өңдеуді, экологиялық тұрғыдан қолайлы өнімді құруды, қалдықтарды азайтуды, өңдеуді және жоюды білдіреді.

Серіктестікте орнықты даму мүдделі тараптардың мүдделері мен Серіктестіктің стратегиялық міндеттері арасындағы оңтайлы теңгерімді сақтай отырып, Серіктестік қатысатын өңірлерде орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс, экологиялық бастамалар, еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік саладағы озық тәжірибелерді енгізу арқылы орнықты даму аспектілерін кеңінен қолдану болып табылады.

Эклогиялық (environmental)  

Ресурстарды пайдалану тиімділігі
Қоршаған ортаға әсердің төмендеу

Әлеуметтік (society)

Тұтынушылардың қанағаттануы
Өндірістегі қауіпсіздік

Экономикалық (economy)

Ұзақ мерзімді құнның өсуі
Еңбек өнімділігін арттыру

Серіктестік өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын біріктіре отырып, орнықты дамудың 17 мақсатын ұстанады.
2016 жылғы 1 қаңтарда әлем 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму күн тәртібін — алдағы он бес жыл ішінде шұғыл жаһандық проблемаларды шешу үшін орнықты даму саласындағы 17 мақсатқа негізделген белсенді қайта құру жоспарын іске асыруға ресми түрде кірісті.

Орнықты даму саласындағы 17 мақсат және 169 міндет (ОДМ) адам құқықтарын іске асыруға бағытталған, олар кешенді және бөлінбейтін сипатқа ие және орнықты дамудың үш компонентінің: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттар мен міндеттер ұлттық үкіметтердің келесі кезеңдердегі адамзат пен планета үшін үлкен маңызы бар салалардағы әрекеттерін ынталандырады. Олардың ішінен біз Қор тобының қызметі үшін стратегиялық тұрғыдан басым тоғыз мақсатты таңдадық, оған қол жеткізуге ол өзінің негізгі қызметі барысында ықпал ететін болады. Ағымдағы қызметке БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы қалған мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін міндеттер де кіріктірілген.

E – Environment (қоршаған ортаға мұқият қарау).

S – Social (әлеуметтік жауапкершілік).

G–Governance (жауапты корпоративтік басқару)

Серіктестік өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсер етуінің маңыздылығын түсінеді және ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтылады, мүдделі тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, ұзақ мерзімді перспективада өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»