+7 7187 282 125

Түтіктерді, арматураларды және құбыржолдарды жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты сілесірі Абдулин Тұрабек Қапарұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Альмира Ауелбаева April 26, 2024

Түтіктерді, арматураларды және құбыржолдарды жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты сілесірі Абдулин Тұрабек Қапарұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Тұрабек Қапарұлының энергетика саласында 32 жылдан астам және түтіктерді, арматураларды және құбыржолдарды жөндеу жөніндегі цехта 11 жылдан астам еңбек өтілі бар. Тұрабек Қапарұлы өзінің көп жылдық еңбегімен цех ұжымының құрметіне және беделіне ие болды. Тұрабек Қапарұлы жас жұмыскерлерге мамандыққа деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен қатар өз ісіне және біздің станцияға деген адалдықты сіңіре отырып, жоғары санатты мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледі.
Сіңірген еңбегі үшін Тұрабек Қапарұлын станция басшылығы бірнеше рет көтермеледі, 2023 жылы «Ардагер Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» құрметті атағына ие болды.
Тұрабек Қапарұлын цех басшылары құттықтады кәсіподақ комитетінің төрайымы естелік сыйлық табыс етті. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты.
Еңбегіңіз үшін көп рахмет айтқым және денсаулық, барлық жақсылықты тілегім келеді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»