«Комплаенс» (ағылш. compliance-сәйкестік) - ережелерді, заңдарды, саясаттарды және стандарттарды сақтау. Бұл, ең алдымен, үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты.
«Комплаенс» қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары үшін комплаенс функциясы бойынша Референттік үлгіге және «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметі туралы Ережеге сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесіне ұйымдық және функционалдық есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-да және оның еншілес және тәуелді компанияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ-дағы бастамашыл ақпараттандыру саясатына және «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына сәйкес, сіз ұрлық, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және бизнесті жүргізудің базалық қағидаттарын немесе «Самұрық-Энерго» АҚ мінез-құлық Кодексін бұзудың кез келген орын алған немесе болжанатын фактілері туралы хабарлай аласыз.