+7 7187 282 125

2024 жылдың 16 сәуірінде қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөніндегі сілесір Тоқтар Тұрарұлы Қисамиденовты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Альмира Ауелбаева April 19, 2024

2024 жылдың 16 сәуірінде қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөніндегі сілесір Тоқтар Тұрарұлы Қисамиденовты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. 36 жыл бойы Тоқтар Тұрарұлы біздің станциямызда жұмыс істеді және өзінің еңбекқорлығымен, кәсіпқойлығымен цех ұжымының беделіне ие болды, жас жұмыскерлерге мамандыққа деген сүйіспеншілікті ғана емес, сонымен бірге өз ісіне және біздің станцияға деген адалдықты бере отырып, біліктілігі жоғары мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Кәсіподақ ұйымының құрылған алғашқы күнінен бастап станцияның кәсіподақ комитетінің мүшелігіне сайланды, станцияның келісім комиссиясының мүшесі болып табылады. Электр энергетикасын дамытуға қосқан жеке үлесі, көп жылғы және мінсіз еңбегі үшін Тоқтар Тұрарұлы Қисамиденов 2014 жылы – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Құрмет грамотасымен; 2019 жылы – «Алғыс белгі» медалімен; 2020 жылы - ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» белгісімен; 2021 жылы - ГОЭЛРО-Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарының 100 жылдығы медалі; 2023 жылы - Облыс әкімінің Алғыс хатымен. 2023 жылы - Тоқтар Тұрарұлы ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Станция басшылығы атынан Тоқтар Тұрарұлын жөндеу жөніндегі басқарманың бастығы Ардақ Нұрғалиұлы Қаирбаев және цех бастығы Сырымбет Бектемірұлы Жексембаев құттықтап, бас директордың алғыс хатын оқыды. Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Александровна Чигвинцева табыстады. «Аманат» партиясының атынан Тоқтар Тұрарұлын бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Бейсенұлы Сержанов құттықтады. Әріптестер көптеген жылы сөздер айтты. Сіңірген еңбегіңіз үшін көп рахмет айтқым келеді, денсаулық және, әрине барлық жақсылықты тілеймін.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»