8 қазанда Қазақстандағы ең ірі электр станциясына Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Төрағасы Дарбаев Асан Көбентайұлының басқаруымен делегация келді. Кәсіпорынның бас директоры Еділ Копенов 2021-2022 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындаушы іс-шаралардың барысы жөнінде айтты. Сондай-ақ қонақтар қазіргі күні күрделі жөндеуде тұрған №7 энергоблоктың құрылыс алаңшасында болып, барлық жөндеулердің сапалы және мерзімде орындалып жатқанына көздерін жеткізді. Сонымен бірге Екібастұз станциясының басшысы тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар жөнінде монополияға қарсы ведомство басшысына баяндады.