Электр энергетикасы саласындағы жұмыс ерекше білімдер мен ептіліктерді, тұрақты дамуды және жаңалықтарды біліп отыруды талап етеді. Бұл энергетика саласының біртіндеп цифрлануымен, жабдықтардың жоғары технологиялылығымен және көп ретте жұмысты қиын шарттарда жүзеге асыру қажеттілігімен шартталады.   

Екібастұз 1-МАЭС-те жоғары сыныпты мамандардың бірнеше буыны өсті, әрбір бөлімшеде кадрлар сабақтастығы және қызметкерлер құрамын уәждеу жүйесін құру бойынша аса көп жұмыстар жүргізілуде. Жастардың арасында адалдықтың, табандылықтың және еңбек сүйгіштіктің жарқын мысалы – қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың сілесірі Зумрад Кашаубай. Зумрад станцияда бір жылдан аса жұмыс істеп келеді, бірақ өзіне әлдеқашан даму жоспарын белгілеп үлгерді: өндірістік разрядтын тұрақты арттырып келеді, жоғары білім алуда.  

Зумрад станцияға Әскердегі қызметтен кейін қызметтесінің кеңесі бойынша келді. Жас жігітті жұмыстың уақытша екендігі абыржытпады. Ақыл мен тырысушылық цех басшылығының назарынан тыс қалмады – бірнеше айдан кейін Зумрад 4 разрядтағы ҚжТДЦ жабдықтарын жөндеу жөніндегі сілесір болып қабылданды. Жас маман жөндеу жұмыстары кезінде өз білімдері мен ептіліктерін көрсеткеннен кейін – разряды арттырылды. Зумрад станциядағы жұмысының бірінші күндері жөнінде күлкімен айтады: «Ең қиыны барлығын еске сақтау болды, мәліметтер көп болды, кітапшамен жүруге – бақылауға және жазып отыруға тура келді. Тәжірибесі жоғарырақ мамандардың қалай жұмыс істеп жатқандарына қарайсың, ал  шылым шегу үзілісі кезінде оларға жақындайсың және сұрайсың: «Толь ағай, сіз оны қалай істедіңіз? Айтыңызшы, мен жазып аламын». Жақында зейнеткерлік демалысқа кеткен өзінің аға тәлімгері Шпигунов Анатолий Анатольевич жөнінде Зумрад зор құрметпен және алғыспен айтады: «Ол мені барлығына үйретті. Барлығы көмектесті -  Есеналиев Қалымбек, Ахатов Саян, Жексембаев Мәдениет, бірақ біз барлығымыз Толя ағаймен бірге жұмыс істедік».      

Қазір Зумрад барлық бос уақытын жоғары білім алуға арнайды, бірақ анда-санда болса да өзінің сүйікті хоббиі – фотосуретке де көңіл аударуға тырысады. Ал достармен отырыстарда әрдайым жолдастарын гитарада ойнаумен қуантады.

«Жастар – біздің болашағымыз» сөйлемі қанатты сөздерге айналды. Онымен дауласу мағынасыз. Бірақ жастардың – біздің қазіргіміз екендігін де есте сақтау маңызды, себебі дәл олар қоғамның ең бастамашыл және қарқынды бөлігі болып табылады. Оған жаңаны құру және ең сәтті шешімдерді табу тілегі тән. Және 1-МАЭС-те дәл осындай мамандардың жұмыс істейтіндігі өте қуанышты.