«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС төтенше жағдай кезеңінде жабық кіреберістерде қалғандарға әлеуметтік көмек көрсетуде, станцияның кәсіподағы арқылы азық-түлік жинақтары сатып алынды және таратылды.

Қазіргі таңда карантиндегі 23 жұмыскер азық-түлік жинақтарын алды, тағы да 10 адамға жақын арада көмек берілетін болады.

Сонымен бірге карантинге байланысты жұмыстан босатылған 174 жұмыскерде жалақылары сақталды.

Төтенше жағдай кезеңінде станция штаттық режимде жұмыс істеуде, кәсіпорында короновирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Жұмыскерлерге маскалар, зарарсыздандырғыш құралдар берілді, жұмыс орындарын зарарсыздандырулар жүргізілуде.

Жұмыскерлер мүмкін болғанша, қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылуда.

Жұмыскерлер жөніндегі барлық ақпарат өз уақытында жиналады және оперативтік штабпен талданады. Цехтарда түсіндіру жұмыстары жүрзізіліп тұрады. Барлық жұмыскерлер қабылданушы шараларға түсінушілікпен қарауда.

Кәсіподақ комитетінің төрайымы

Чигвинцева Т.А.