Өткен демалыс күндері Баянауыл курорттық аймағында қызметкерлер үшін «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің Жастар кеңесімен ұйымдастырылған алғашқы командалық шығуы өтті.

1

1

Ұжымның бірігуі екі күнге созылған тимбилдинг бағдарламасы өте бай болды. Торайғыр көлінің жағасында командалық ойындар өткізіліп, онда қатысушылар өз командаларын таныстыруды ұйымдастырып, команданың барлық мүшелерін қатыстырып кездейсоқ таңдалған затқа жарнама жасау науқанын өткізді, бір адамды барлығы жабылып бір жерден екінші жерге едәуір қашықтыққа апару және тағы басқалар сияқты ойындар өткізді. Жасыбай көлінің жағасындағы демалыс үйлерінің аумағында да жастардың іштерінің пысуларына уақыт болған жоқ, арнайы шақырылған коуч-кеңесші Руслан Омаров командалық рухты қалыптастыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырды. Ал кеш болса, әдеттегідей жалынды үндеулермен және жүректен шыққан әңгімелермен аяқталды.

1

Тренингтің екінші күні қорытындылар жасау күні атанып, тимбилдинг қатысушыларына дәстүрлі қатысу сертификаттары табысталып, ең белсенді қатысушыларына естелік сыйлақтар табыс етілді.

1

Іс-шараның бастамашылары 1-МАЭС жастарын мұндай сапарлар дәстүрге айналуы үшін барлық мүмкіндікті жасауға тырысатындарын айтты.