«Экибастузская ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орныққан 4 000 МВт қуаттылығы бар электр қуатын өндіру мен таратылуын жүзеге асыратын, конденсаттау түріндегі жылу электр стансасы болып табылады.  Стансаның негізгі отыны – Екібастұз пайдалы қазынды кенінің тас көмірі. Қазіргі таңда, сегіз энергоблоктың бесеуі үздіксіз жұмыс істеп, 2500 МВт қуаттылықты өндіре алады. Стансада өндірілген электр қуатының 20 пайызға жуығы Ресейге жіберіліп, қалған бөлігі Қазақстанның энергетикалық нарығында таратылады. Біздің ірі тұтынушыларымыз бен тұрақты серіктестеріміз «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС және тағы басқалары.

Қазіргі уақытта біздің кәсіпорнымызда ISO 9001:2000, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004 үш халықаралық стандарты енгізіліп ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. 2006 жылдың желтоқсан айында электр стансамыз ISO 9001:2000 Сапаның Менеджмент Жүйесі Стандартының талаптарына сәйкес келу халықаралық сертификатын алды. 2008 жылдың наурыз айында стансамыз денсаулықты сақтау және қауіпсіздік саласындағы OHSAS 18001 Менеджмент Жүйесінің Стандарты  мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ISO 14001:2004 Менеджмент Жүйесінің Стандарты жөніндегі сертификаттарына ие болды.

2008 жылдың қыркүйегінде «Экибастузская ГРЭС-1» ЖШС жаңа ұрпақтағы электростатикалық  сүзгілерді жеткізіп тұру мен орнату жөніндегі шартына қол қойды. Электр сүзгінің тазарту тиімділігі 99,8 пайызға жетіп, атмосфераны ластайтын заттар шығарындысын 4 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Аталмыш жоба электр стансамызға сенімді электр қуатын өндіру көрсеткішін көбейтуге жағдай жасайды.

2017 жыл қарсаңында, 4000 МВт жобалық қуаттылығына шығуға мүмкіндік беріп, өсіп келе жатқан электр сұранысымен тек қана Қазақстанды ғана емес, көршілес елдерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Екібастұз МАЭС-1 стансасындағы №8,1 және 2 энергоблоктарының қалпына келтірілуі мен жаңартылуы жоспарлануда. Жұмыс істемей тұрған қуаттылықтардың қалпына келтірілуі, еліміздегі энергия тапшылығының тәуекелділігін төмендетіп, ұлттық экономиканың өсуіне көмек беретін Екібастұз МАЭС-1 стансасы үшін экономика тұрғысынан орынды әрі Қазақстан үшін қажетті болып табылады.