2017 жылғы 1-қарашада мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау шеңберінде және энергетик мамандығын насихаттау мақсатымен №36 мектептің түлектерінен құралған топ Екібастұз 1-МАЭС станциясына келді.

2017 жылғы 1-қарашада мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау шеңберінде және энергетик мамандығын насихаттау мақсатымен №36 мектептің түлектерінен құралған топ Екібастұз 1-МАЭС станциясына келді. Екібастұз қаласының Кәсіпкерлер палатасы осы сапардың ұйымдастырушысы болды. Іс-шараның барысында жастар алдымен телемонитор арқылы электр энергиясының өндірілу процессімен көріп таныстырылды. Содан кейін, өндіріс залына бармас бұрын, жастар өндірістегі қауіпсіздік техникасының сақталуы туралы кіріспе нұсқаулық тыңдады. Әрбір оқушы арнаулы бланктерде қолдарын қойды, және содан кейін ғана арнайы қорғаныш киімдерін киіп алып, машиналық залға бағыт алды. Оларды өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы С.Серьянов пен ЕҚ қызметінің қызметкерлер тобы ілестіріп жүрді. Жастар станцияның өзі туралы, электр энергиясын өндіру процессі жайлы көптеген қызықты деректерді біліп алды. ББҚ (блокты басқару қалқанында) отырып, монитор арқылы энергоблоктардың жұмыс жағдайларын қадағалап отыру ісі балаларды таң қалдырды. Әсіресе, машинист – мониторларға қарап, қадағалап отыратын өте жауапты қызметкер екендігі қатты қызықтырды. Жастар ескерткіш ретінде қаншама фотосуретке түсті, түскі астан дәм татты, бізге ризашылықтарын білдіріп, қалаға оралды.