Изображение 017 1944x1296 

«Анашым, енді менің де сөмкем дәл Наташанікіндей! Ал спорт киімім онікінен де жақсы!». Осылай № 9 орта мектебінің окушысы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында оған сатып алынған жаңа киімдерге қуанды.

Жыл сайын 1-қыркүйек - Білім күні қарсаңында біздің елде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл акцияның мақсаты – көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан балаларға мектепке жиналуға көмектесіп, оларға киім-кешек, аяқ-киім, оқу құралдарын сатып алу. Екібастұз ГРЭС-1 қызмектерлері үшін № 9 және 11 орта мектептерінің оқушыларына көмек көрсету ізгі дәстүрге айналды. Биыл 1 қыркүйекке дейін станция қызметкерлері 1 747 000 теңгеден астам ақша жинады. Осы ақша аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан 47 балаларға жаңа оқу маусымына толығымен дайындалуға жәрдем болды.

Бөлінген қаражатқа кәсіпорын қызметкерлері балалар және олардың ата-аналарымен бірге қаланың барлық сауда орындарын аралап, мектепке қажетті –киім-кешектер, аяқ-киім, жылы сыртқы киімдер, бантиктер, рюкзактар мен кеңсе тауарларын сатып алды. Жаңа киімдерін киген балалардың қуанышына шек болмағандығын сөзбен айтып жетізуге мүмкін емес. «Аяқ-киімге толы екі пакет!», «Үйге жылдам барайықшы, құрбыма жаңа киімдерімді киіп көрсетейін!», «Анашым, Анашым, бұларды сосын тапсыруға қажет емес пе?» - осы және басқа да балалардың қуаныш сөздері акцияға қатысқан ГРЭС-1-дің әр қызметкерлерінің жүрегінде жылы сезімдер қалдырды.

Қамқорлықтағы мектептерді қызметкерлер ғана емес, ГРЭС-1-дің әкімшілігі де ұмытпайды. Өткен жылдары № 9 мектептің спорт залы және мектеп стадионы жөнделді. Биылғы жылы ғимараттың жөндеуіне № 11 мектепке көмек ретінде станция 27,5 миллион теңге бөлді. Әлдекашан оқу жылының басына мектептің бір рекреяциясында еден аустырылып, мектеп ауласына балалардың ойындарының қауіпсіз болуына мүмкіндік беретін жаңа асфальт төселді.

Көмек көрсетілген бір баланың әжесі Мәрияш Нұржанова № 11 мектептің ата-аналары мен оқушылары атынан ризашылығын білдірді. Ал ГРЭС-1-дің жетекші менеджері Жаңылсын Хамитова станция қызметкерлері атынан оқушыларға біздің еліміздің лайықты азаматтары болуына тілектес болды!