2021 жылдың 28 қазанында «Antikor Ortalygy» базасында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасының ережелерін талқылауға арналған қоғамдық пікірталас өтті.

Аталмыш бағдарламалық құжат Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес іске асырылады.

adaldyk alany 2

Талқылауға «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС өкілдері, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бизнес, ғылыми және педагогикалық қоғамдастық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.

adaldyk alany 3