+7 7187 282 125

Қазандық-турбина-2 цехының ұжымы 2011 жылдан бастап 4-разрядты күл шығару жөніндегі аралаушы-машинист болып жұмыс істеген Маненова Адия Болатқызын зейнеткерлікке шығарып салды. 12 жылдан астам уақыт бойы Адия Болатқызы электорстатикалық сүзгінің жаңа жабд

Ауелбаева Альмира February 16, 2024

Қазандық-турбина-2 цехының ұжымы 2011 жылдан бастап 4-разрядты күл шығару жөніндегі аралаушы-машинист болып жұмыс істеген Маненова Адия Болатқызын зейнеткерлікке шығарып салды. 12 жылдан астам уақыт бойы Адия Болатқызы электорстатикалық сүзгінің жаңа жабдықтарының жұмысына жауапты цехтың жедел қызметкері болды. Бұл жабдықтармен жұмыс істеу үшін ардагер Адия Болатқызының білімі мен жоғары жауапкершілігі ауадай қажет.

Станция басшылығының атынан Адия Болатқызын цех бастығы Мұрат Мұханұлы Дүтбаев құттықтап, бас директордың Алғыс хатын тапсырды. Естелік сыйлықты кәсіподақ комитетінің төрағасы Татьяна Александровна Чигвинцева табыстады. «Аманат» бастауыш партиясы ұйымының төрағасы Серік Бейсенұлы Серьянов та Адия Болатқызын құттықтап, партияның Алғыс хатын, естелік сыйлық берді. Әріптестері де жылы сөздерін айтып, талай жылғы адал еңбекгі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық тіледі.

 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»