+7 7187 282 125

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС ұжымдық шарты Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындары арасында үздік деп танылды

Елена Киселева October 10, 2022

Қазақстан Республикасында кәсіподақтар күні мерекесіне орай және «Әлеуметтік әріптестік жылын» өткізу бойынша іс-шаралар жоспары аясында Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіптік одағы «2022 жылғы үздік ұжымдық шарт» конкурсын өткізді.
Конкурстың басты мақсаты кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде әлеуметтік әріптестікті дамыту және жетілдіру, ықпалды ұжымдық шарттарды қабылдау, жұмыс берушілердің қызығушылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру болды. Конкурстың қорытындылары бойынша 1 орынды  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің ұжымдық шарты иеленді.
Кәсіпорынның ұжымдық шарты алғаш рет 2016 жылы қабылданды, ал 2022 жылы Кәсіподақ жұмыс берушімен жаңа Ұжымдық шарт жасады, онда жұмыскерлер үшін әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жақсартылды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»