2025 жылғы 30 қазан күні «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің әйел қызметкерлерімен «Дені сау әйел – салауатты кәсіпорын» пилоттық жобасы аясында ақпараттық кездесу өтті.
Әйел денсаулығы – басты назарда!
Кездесуге келесі делегация мүшелері қатысты:
Әбдраманова Света Сағындыққызы – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты;
Дычко Николай Васильевич – «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы;
Борисенко Сергей Владимирович – Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің диспансерлік бөлім меңгерушісі;
Жақова Гүлжанат Ертаевна – Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының директоры;
Төлегенова Салтанат Чайкенқызы – денсаулық сақтау бағыты бойынша әйелдер қанатының тең төрағасы;
Айтжанова Динара Нұржанқызы – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты және т.б.
Іс-шараның басты мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының, жатыр мойны мен сүт безі обырының, гипертония мен ми қан айналымы бұзылыстарының алдын алу туралы ақпараттандыруды арттыру.
Медицина мамандары жүрек-қан тамырлары ауруларының «жасарып» келе жатқан үрдісі туралы айтып, қан қысымын жүйелі бақылаудың маңыздылығын еске салды.
Онколог-маммолог Сергей Борисенко сүт безі мен жатыр мойны обырын ерте анықтаудың маңыздылығын, сондай-ақ вакцинацияның тиімділігін атап өтті.
Кездесу соңында мамандар денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі – тұрақты профилактикалық тексерулер мен дер кезінде өткізілетін скринингтер екенін еске салды.