Жедел байланыс желісі
«Самұрық-Энерго» АҚ «Жедел желі» – заңды және/немесе Әдеп кодексін күдікті бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлауға арналған арна екенін хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылығына ресми сауалдар алу үшін тұтынушыларды қолдау қызметтерін және компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында берілген байланыс ақпаратын пайдаланыңыз. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның немесе «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.

![]() |
Көке Рахымбек Шамуратұлы, «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС комплаенс-офицері Тел.: 8 (7187) 282-197 Электрондық пошта: koke.rakhymbek@Ekibastuz-gres1.kz |
«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС комплаенс-офицері
Табысты және тұрақты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Сондықтан да «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өз қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен адал бизнес қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, үздік халықаралық комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады.
«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС комплаенс-офицері тәуелсіз құрылым болып табылады және ұйымдық тұрғыдан және функционалды түрде «Самұрық-Энерго» АҚ Бақылау кеңесіне бағынады. Негізгі мақсаты – комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларының орындалуын бақылау болып табылады.
Комплаенс-офицердің міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау мен мониторинг жүргізу, оларды азайту жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, іскерлік этика қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру кіреді.
