Отбасы өкілі Болат Нұржановтың Екібастұз МАЭС-1-ге сапары

January 03, 2026

ЕМАЭС-1-ге ерекше сапар

2026 жылғы 3 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станциясына Қазақстан энергетикасының тарихында есімі ерекше орын алатын тұлға — Болат Ғазизұлы Нұржановтың немересі келді. Бұл сапар өте тебіреністі әрі символикалық мәнге ие болды: атасының есімімен аталатын станция қадірлі қонағын жылы қарсы алды.

Альмира 1-МАЭС-тің жұмысымен зор толқыныс әрі тебіреніспен танысып, атасының кәсіби өмірімен тығыз байланысты болған нысанды өз көзімен көру қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы Екібастұз 1-МАЭС станциясына Болат Ғазизұлы Нұржановтың есімі берілген болатын. Ол қарапайым маманнан бастап Қазақ КСР-інің, кейіннен Қазақстан Республикасының Энергетика және электрлендіру министріне дейінгі жолды жүріп өтіп, еліміздің энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Болат Ғазизұлы әр жылдары «Екібастұзэнерго» өндірістік бірлестігін басқарды, Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды, ал 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Оның кәсіби қызметі Екібастұз 1-МАЭС және 2-МАЭС энергия блоктарының құрылысымен және оларды игерумен, сондай-ақ өз заманындағы бірегей жобаларды, соның ішінде 1150 кВ кернеулі электр беру желілерін іске асырумен тығыз байланысты болды.

Бұл сапар 1-МАЭС тарихы ғана емес, бүгінде еңбегімен еліміздің энергетикалық тұрақтылығының негізі болып табылатын және жаңа ұрпақты шабыттандырып келе жатқан тұлғалардың тарихы екенін тағы бір мәрте еске салды.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»