Қазақстанның энергетикасы үшін маңызы бар станцияның қуатын 500 мВт-қа арттыруға мүмкіндік беретін №1 энергия блогын қалпына келтіру сияқт
Альмира Ауелбаева
February 10, 2023
Қазақстанның энергетикасы үшін маңызы бар станцияның қуатын 500 мВт-қа арттыруға мүмкіндік беретін №1 энергия блогын қалпына келтіру сияқты ірі жобаны іске асыру жұмысы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ерекше бақылауында. Жұмыс өзара тығыз қарым-қатынаста жүргізіліп жатыр.
2023 жылғы 8 ақпанда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаев Екібастұз 1-МАЭС-тің №1 энергия блогын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының жетекшілігімен өткен танысу іссапары барысында компаниялар мен мердігерлік ұйымдардың қатысуымен №1 энергия блогын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың барысы талқыланған бірқатар жиындар өтті.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын тікелеу жүзеге асыру учаскесіне тексеру жүргізілді, жұмыстардың орындалу сапасы мен дәрежесі көрнекі түрде таныстырылды.
Қуаттылығы 500 МВт №1 энергия блогын қалпына келтіру жобасы Екібастұз 1-МАЭС қуатын жаңғырту мен қалпына келтірудің ауқымды бағдарламасының бөлігі болып табылады. Тазартқыш электр сүзгілері мен қазандықтарды монтаждау жүргізілді. Қазіргі таңда турбиналар мен қазандықтардың қосалқы жабдықтарын, турбиналарды, сондай-ақ, электр техникалық жабдықтарды монтаждау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.