Салтанатты марапаттау рәсімі спорт мерекесінің әдемі қорытындысы болды. Бұл бірнеше күн спорттың, рух асқақтығының, бірліктің және жарқын эмоциялардың нағыз мерекесіне айналды.
1-МАЭС командасы жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ұмтылысын және ауызбіршілігін көрсетіп, кәсіпорын намысын лайықты қорғады. Жалпыкомандалық есепте 3-орынды иелену ерекше жетістік болды. Жеңіп алынған әрбір медаль — қажырлы еңбектің, табандылық пен командалық қолдаудың нәтижесі.
Әртүрлі спорт түрлерінен тамаша нәтижелер көрсетіп, команданың жалпы табысына өз үлестерін қосқан спортшыларымызды мақтан тұтамыз!