+7 7187 282 125

2024 жылғы 1 ақпанда «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» департаментінің 2024 жылға Жұмыс жоспарына сәйкес «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлеріне «ЕҚ» Департементінің маманы Сәкен Базарбекұлы Қожабеков «Қауіпсіздік мәдениеті» бойынша о

Ауелбаева Альмира March 28, 2024


Оқытуға «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлері қатысты.
Мұндай оқытуды жүргізудің негізгі мақсаты өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу, жол берілген оқиғалардың жүйелі себептерін болдырмау болып табылады.
Серіктестіктің бірінші басшысының өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйі және төтенше жағдайларға, апаттарға, өрттер мен жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін жеке жауапкершілігін ескере отырып, өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Басшылардың және жұмыскерлердің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттар мен төтенше жағдайларды жоюға дайындық, цифрлық шешімдерді енгізу, жазатайым оқиғалардың алдын алудың белсенді құралдарын пайдалану бойынша Қоғаммен бірлесіп қабылданған жүйелі шараларды іске асыру Серіктестік пен Қоғам басшылығының тұрақты бақылауында болады.
Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және өндірістік жарақат алу фактілерін болдырмауға бағытталған бірлескен жоспарланған іс-шараларды іске асыру Серіктестік қызметінің басымдықты мақсаты болып табылады және одан әрі тұрақты негізде жалғасатын болады.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»