Шаңырақ күні — Отбасы және отбасылық құндылықтар күні

March 17, 2026

2025 жылдың 17 наурызында «Наурызнама» онкүндігі аясында қазақ халқының отбасы бірлігін, ұрпақтар сабақтастығын және дәстүрлі құндылықтардың мызғымастығын бейнелейтін «Шаңырақ күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Шаңырақ — қазақ мәдениетінің ең қастерлі рәміздерінің бірі. Ол отбасы ошағының тұрақтылығын, жас ұрпақты ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, отансүйгіштік, жауапкершілік және еңбексүйгіштік рухында тәрбиелеуді білдіреді.

 

Осы мерекелі күн құрметіне Жастар кеңесі станция қызметкерлері мен олардың балаларының қатысуымен «Отбасылық жарыстар» атты отбасылық эстафета ұйымдастырды. Іс-шара қазақтың ұлттық ойындарын жас ұрпақ арасында насихаттауға, бірлескен отбасылық демалысқа қолайлы жағдай жасауға және отбасы байланысын нығайтуға бағытталды.

 

Жастар кеңесі белсене қатысқан барлық қатысушыларға шын жүректен алғысын білдіреді. Шаңырақтарыңыз биік болсын, әр үйде тыныштық, татулық және өзара сүйіспеншілік орнасын!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»