Серік Бейсенұлы Серьянов

Альмира Ауелбаева January 31, 2024

Серік Бейсенұлы Серьянов-30 жылдан астам тәжірибесі бар энергетик. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын бітіргеннен кейін Екібастұз 1-МАЭС-інде еңбек жолын бастады. Аралаушы-машинист лауазымынан бастаған ол өндірістік-техникалық басқарма бастығына дейін көтеріліп, пайдалану, баптау, диспетчерлік қызмет және басқа да салаларда әртүрлі лауазымдарды атқарды.

 

2020 жылы «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» жобасын іске асыруға қосқан үлесі үшін Серік Бейсенұлы «Самұрық-Энерго» АҚ грамотасымен марапатталды.

 

Кәсіби қызметінен басқа, 2020 жылдан бастап «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметін атқаруда. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыса отырып, ол «Мақсатты трансферттер» бағдарламасын қолдайды және станция қызметкерлерінің отбасыларына көмек береді. Бастауыш ұйымның жұмысы «2023 жылдың үздік

бастауыш ұйымы» номинациясында «АМАNAT» ЕҚФ дипломымен марапатталды.

 

Сонымен қатар, ол жас мамандары тәлімгері, энергетика саласы мен қоғамның дамуына үлес қосуды жалғастырып, станция қызметкерлерінің балаларына білім беру іс-шаралары мен кәсіптік бағдарлау экскурсияларын ұйымдастырады.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»