Самұрық-Энерго» энергетиктері Екібастұзда 4000-нан астам ағаш отырғызды

October 18, 2025

Екібастұз, 2025 жылғы 18 қазан Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы республикалық «Таза Қазақстан» күні аясында Екібастұз қаласында көгалдандыру экологиялық акциясын өткізді.

 

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭМ» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО) кәсіпорындарының 500-ден астам қызметкері мен олардың отбасы мүшелері қала аумағында 4000-нан астам ағаш көшетін отырғызуға қатысты.

 

Энергетиктердің бірлескен еңбегі туған қаланың болашағына деген корпоративтік бірліктің және жеке жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды. Акция экологиялық бірлік пен туған жерге деген сүйіспеншілік мерекесіне ұласты.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ дәстүрлі түрде көгалдандыру, абаттандыру және компаниялар орналасқан өңірлердің экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдап келеді.

Осындай іс-шаралар Екібастұз тұрғындары үшін экологиялық мәдениетті нығайтуға және жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»