Алаяқтықтан қорғау тақырыбы бойынша қызметкерлермен профилактикалық әңгіме

April 15, 2026

15 сәуірде, 1-МАЭС станциясында қызметкерлермен алаяқтықтан қорғану және оның алдын алу бойынша шара өтті.

Кездесу барысында бейінді құрылымдардың өкілдері интернет және телефон алаяқтығының ең көп таралған схемаларын, сондай-ақ оларды тану жолдарын түсіндірді. Қызметкерлер белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша жауаптар алды.

Жеке қауіпсіздік, мәліметтердің сақталуы және күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелеріне ерекше назар аударылды.

Мұқият болыңыз: күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеңіз, ақпаратты қайта тексеріңіз және жеке мәліметтеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»