2022 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары

Альмира Ауелбаева October 31, 2022

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жыл сайын қоршаған ортаға өндірістік қызметтің теріс әсерін азайтуға бағытталған қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаны іске асырып келеді.

2022 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары бойынша келесілер жоспарланған:

Ауа бассейнін қорғау:
Түтін газдарын күлден тазалаудың жоғары деңгейімен қамтамасыз ету мақсатында төлқұжаттық деректердің ПӘК қолдау үшін жыл сайын электрстатикалық сүзгілерді жөндеу орындалып отырады. №6,4,2 блоктарлың ЭСС жөндеуді орындау есебінен түтін газдарын күлден тазалаудың жоғары деңгейімен қамтамасыз ету; Отынберу трактісі бойынша көмір щаңын басу, саңылаусыздандыру және тығыздағыштарды орнату бойынша жұмыстарды орындау есебінен тозаңдылықты төмендету.

Жер ресурстарын күзету
Күл үйіндісінің қоршаған ортаға теріс әсеріне жол бермеу үшін жыл сайын күл үйіндісінің пайдаланылған бөлігін жылына 30 га қалпына келтіру жүргізіліп тұрады.

Флора мен фаунаны қорғау
Аумақты жасылдандыру. Электр станциясының өнеркәсіптік алаңшасы аумағына 500 данадан кем емес көшеттер, гүлдер – 3220 дана отырғызу.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдалану
Күлқож қалдықтарын қауіпсіз тасымалдаумен қамтамасыз ету. Өндіріс қалдықтарын өзіндік қажеттіліктерге қолдану, радиотехникалық бұйымдарды алжапқыштарды тығыздауға қолдану.

Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік.
Қоршаған орта компоненттеріне радиациялық бақылау жүргізу.

Басқару жүйелерін және ең үздік қауіпсіз технологияларды енгізу.
ИCO 14001 халықаралық стандартына сәйкес енгізілген ҚО басқару жүйесін қолдау. СҚА шекарасында оперативтік режимде операциялық мониторинг жүйелерін енгізу.
Ғылыми-зерттеу, ізденушілік және басқа да әзірлемелер.
Күл үйіндісі мен ҚӨ және ТҚ жинақтағышы орналасқан ауданда қоршаған орта компоненттерінің ластану деңгейін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу. Бақылау ұңғымалары желісі бойынша жер асты суларының су және температуралық режимін зерттеу.

ҚО қорғау мәселелері бойынша республикалық және облыстық семинарларға қатысу есебінен ҚОҚ мәселелері бойынша біліктілікті арттыру.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»