Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС алды
Альмира Ауелбаева
October 20, 2022
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС күзгі-қысқа кезеңде жұмыс істеуге дайындық төлқұжатын алды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті» ММ мамандары электр станциясының қысқа дайындығын бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Сарапшылар негізгі және қосалқы энергия жабдықтарының техникалық жай-күйін талдап, қысқы жүктемелер шарттарында жұмысқа дайындығын тексерді, қызметкерлер құрамының штаттан тыс жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындық деңгейін бағалады.
Тексеру қорытындылары бойынша 2022 жылдың 14 қазанында кәсіпорынға энергия өндіруші ұйымдардың 2022-2023 жылдар кезеңіне күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа Дайындық төлқұжаты берілді.
Жөндеу науқанының аясында 2022 жылы келесі жұмыстардың орындалғанын атап өту қажет: №6 энергоблокты күрделі жөндеу, №4 энергоблокты ағымдық кеңейтілген жөндеу, №3 және №7 энергоблоктарды ағымдық жөндеулер, №2 энергоблокты күрделі жөндеу жалғасуда.
Екібастұз 1-МАЭС Қазақстан Республикасы нарығындағы электр энергиясын ірі жеткізушілердің бірі болып табылады және күзгі-қысқы кезең басталғанша дейін дайындықтың тұрақты көрсеткіштерін көрсетті.