«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2024 жылдың 1-тоқсанындағы өндірістік экологиялық бақылау бойынша есебіне түсіндерме жазба

Альмира Ауелбаева April 12, 2024

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 4000 МВт жобалық орнатылған электр қуатымен қолданыстағы электр станциясы болып табылады (8 энергоблок әрқайсысы 500 МВт-тан, ст. №1 энергоблогы қалпына келтіру жұмыстарында тұр). Станцияның орнатылған қуаты 3500 МВт-ты құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі – тәуліктік, жыл бойғы.

Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі,  тамызықтық болып – М-100 маркасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.

Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған.

Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.

2024 жылдың 1-тоқсанында 6 646 260,800 мың кВт*сағат электр энергиясы өндірілді.

 

Атмосфералық ауа. Станцияда атмосфераға шығарындыларды бақылау Өндірістік  экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Станцияның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаның құрамын бақылау аккредиттелген зертхананы тартумен жүзеге асырылады.

Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады.

Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.

Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады.

Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2024 жылға «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2024 жылы 289,779 мың тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.   

        2024 жылдың 1-тоқсанында ластағыш заттардың шығарындылары келесіні құрады:

Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмады.  

 

Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін. 

ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады.

Станцияда арнайы су пайдалану Ертіс сериясындағы № KZ86VTE00079542 рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.

  Станция үшін Жангелді құйма суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.

          Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады.

 

Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады.

Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.  

Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.

Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде Рұқсатқа сай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2024 жылы өндіріс және тұтыну қалдықтарын 6 495,194 мың тоннадан аспайтын көлемдерде орналастыру жүргізуге рұқсат етіледі.   

      2024 жылдың 1-тоқсанында орналастырылған қалдықтардың көлемі келесіні құрады:

Топырақ мониторингісі.

Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасында топырақ сынамаларын сұрыптау және талдау шарттың негізінде 2024 жылдың ІV-тоқсанында өткізілді.

Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізілді.

  • Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
  • Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
  • Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет;

 

 

 

 

ҚОҚ қызметінің бастығы                                                    Жуматаева А.С.

 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»