2023 жылдың 9 айына  өндірістік экологиялық бақылау бойынша есебіне түсіндерме жазба

Альмира Ауелбаева October 13, 2023

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің  2023 жылдың 9 айына 

өндірістік экологиялық бақылау бойынша есебіне түсіндерме жазба

 

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 4000 МВт жобалық орнатылған электр қуатымен қолданыстағы электр станциясы болып табылады (8 энергоблок әрқайсысы 500 МВт-тан, ст. №1 энергоблогы қалпына келтіру жұмыстарында тұр). Станцияның орнатылған қуаты 3500 МВт-ты құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі – тәуліктік, жыл бойғы.

Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі,  тамызықтық болып – М-100 таңбасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.

Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған.

Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.

2023 жылдың 9 айында 16 230 126,480 мың кВт сағат электр энергиясы өндірілді.

 

Атмосфералық ауа. Станцияда атмосфераға шығарындыларды бақылау Өндірістік  экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Станцияның санитарлық-қорғаныс аймағы шекарасында атмосфералық ауаның құрамын бақылау аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертхананы тартумен жүзеге асырылады.

Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады.

Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.

Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады.

Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2023 жылға «Рұқсат етілетін шығарындылардың нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не қоршаған ортаға эмиссияларға 28.11.2022ж. №:KZ95VCZ03121305 рұқсаттың негізінде 2023 жылы

257 999,13752 тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.   

Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмады.  

 

Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін. 

ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады.

Станцияда арнайы су пайдалану Ертіс сериясындағы № KZ86VTE00079542

рұқсатының негізінде жүзеге асырылады.

  Станция үшін Жангелді толтырылатын суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.

          Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертхананы тартумен жүзеге асырылады.

 

Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады.

Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.  

Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не қоршаған ортаға эмиссияларға 28.11.2022ж. №:KZ95VCZ03121305 рұқсаттың негізінде 2023 жылы  өндіріс қалдықтарын орналастыруды және 5 654 952,000 тоннадан аспайтын көлемдерде тұтынуды жүргізуге рұқсат берілді.

 

2023 жылдың 9 айында орналастырылған қалдықтардың көлемі келесіні құрады:

Топырақ мониторингісі.

Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасында топырақ сынамаларын сұрыптау және талдау СПЗ «Промсервис-Отан» ЖШС-мен жасалған шарттың негізінде 2023 жылдың IV тоқсанында жылдың жылы уақытында жоспарланған.

Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізіледі.

  • Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
  • Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
  • Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет;

 

ҚОҚ қызметінің бастығы                                                    Жуматаева А.С.

 

 

 

 

 

 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»