«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2024 жылғы 2 тоқсандағы өндірістік экологиялық бақылау есебіне түсіндірме жазба

Альмира Ауелбаева July 31, 2024

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2024 жылғы 2 тоқсандағы өндірістік экологиялық бақылау есебіне түсіндірме жазба

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жобалық электр қуаты 4000 МВт жұмыс істеп тұрған электр станциясы болып табылады (500 МВт-тан 8 энергоблок, ст. №1 эн. блогы қалпына келтіру жұмыстарында). Станцияның орнатылған қуаты 3500 МВт құрайды. Электр станциясының жұмыс режимі-тәулік бойы, жыл бойы.
Энергетикалық қазандықтардың негізгі отыны болып Екібастұз кен орнының күлі көп тас көмірі,  тамызықтық болып – М-100 маркасындағы мазут қызмет етеді. Станцияның энергетикалық қазандықтарынан түтін газдарының шығарындылары биіктігі 300 м және 330 м, ернеулерінің диаметрі сәйкесінше 13,26 м және 11,9 м №1 және №2 құбырлар арқылы лақтырылады.
Атмосфераға лақтырылатын түтін газдарының құрамындағы қалқымалы заттарды азайту үшін ст. №3, №4, №5, №6 энергоблоктары «LodgeCottrel» түріндегі, ст. №2, №7, №8 энергоблоктары «АльстомПауэрСтаван» ЖАҚ-ның электр сүзгілерімен жабдықталған. 
Станцияда азот тотықтарын басу (шоғырлануларды азайту) қазандықтарда отынды жағу процесін оңтайландыру жолымен жүзеге асырылады (режимдік-технологиялық әдістер). Түтін газдарын газ тәрізді заттардан тазалау станцияда жүргізілмейді.
2024 жылдың 2-тоқсанында 4 941 496,640 мың кВт*сағат электр энергиясы өндірілді. 
Атмосфералық ауа. Атмосфераға шығарындыларды бақылау 2024 жылға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Станцияның санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаның құрамын бақылау аккредиттелген зертхананы тартумен жүзеге асырылады. 
Сұрыпталған сынамалардан күкірт диоксидінің, азот оксидтері және көміртегі оксидінің болуы анықталады. 
Есептік кезеңде жүргізілген аспаптық өлшемдердің нәтижелері бойынша бақыланушы заттардың шоғырланулары нормативтік мәндердің шектерінде болды.
Жыл сайын станцияның әрбір жұмыс блогында күлтұтқыш қондырғыларға сынақтар өткізіліп тұрады. Сынақтардың нәтижелері бойынша техникалық есеп жасалады. 
Ластағыш заттардың нормативтерін бақылау 2024 жылға «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтері» жобасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2024 жылы 289,779 мың тоннадан аспайтын көлемдерде ластағыш заттарды шығаруларды жүргізуге рұқсат етіледі.  


 2024 жылдың 2-тоқсанында ластағыш заттардың шығарындылары келесіні құрады: 

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, нөмірі және берілген күні    Эмиссияларға лимиттер    Есептік кезеңдегі нақты эмиссиялар    Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты эмиссиялар    Өсу/төмендеу себебі
     мың.т/жылына    мың.т/жылына    мың.т/жылына    эмиссиялар көлемі
02.10.2023ж.№:KZ92VCZ03343489 әсер ету кезеңі 01.01.2024ж. -  31.12.2025ж.
Шығындылар, мың. т/жылына    289,779    122,120    116,514    2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың 1 тоқсанында атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және қалдықтардың түзілу көлемдерінің ұлғаюы электр энергиясын өндірудің ұлғаюымен байланысты
Күкірт тотығы    185,728    77,209    73,849     
Азот тотығы    55,55    24,522    23,374     
Бейорганикалық шаң 70-20%    34,788    14,974    14,374     
Азот тотығы    9,027    3,984    3,798     
Көмітек тотығы    4,658    1,423    1,110     
Мазуттық күл    0,001    0,0006    0,0005     
Басқалар:    0,028    0,0032    0,008     
Төгінділер, мың.т/жылына    жоқ    жоқ    жоқ     
                
Ластағыш заттардың шығарындыларын аспаптық және есептік анықтау әдістерінің нәтижелері бойынша ШРШ және ШРШ асып кетуі анықталмаған.

Су ресурстарының мониторингісі. Сумен жабдықтау көзі – Қ.Сәтбаев атындағы канал, онда екі су жинағыш орналасқан: бір сужібергіш – суқойма-салқындатқышты толықтыру үшін, екінші сужібергіш – шаруашылық тұрмыстық қажеттіліктер мен энергетикалық және сужылытқыш қазандықтар үшін химтұзсыздандырылған және химтазартылған суды дайындау үшін.
ХСТ бастары арқылы су есебі СДҚ, ХСТ- I және II-ші кезектегі іске қосу қазандығы мен «Струя» ауыз су дайындау қондырғысының кірісінде орнатылған су есептеу құралдарын қолданумен жүргізіледі. Су тұтыну мен су тарту мөлшеріне күн сайын есеп жүргізіліп отырады, меншікті нормалардан ауытқулар байқалмады. 
Станцияда арнайы су пайдалану Ертіс сериясындағы № KZ86VTE00079542 рұқсатының негізінде жүзеге асырылады. 
Станция үшін Жангелді құйма суқоймасы-салқындатқышымен салқындатудың кері жүйесі қабылданған.
Жерүсті суларының (суқойма, канал, айналма су, ГКШ) сынамаларын сұрыптау және талдау ай сайын аккредиттелген санитарлық-профилактикалық зертханасын тартумен жүзеге асырылады. 

Өндіріс қалдықтарының мониторингісі. Кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарының негізгі түрі (қазандықтардың оттықтарында көмірді жағу процесінде) жобалық құжаттарға сәйкес гидрокөлікпен күл үйіндісіне жеткізілетін күл-қоқыс қалдықтары болып табылады. 
Бұрын кеуіп кеткен ащы-тұзды Қарасор көлінің ағынсыз қазаншұңқырында орналасқан күл үйіндісі, станция алаңшасынан 22 км шығысырақ орналасқан.
Ай сайын күл-қоқыс қалдықтары мен өндіріс қалдықтарының түзілуі мен орналасуының есебі жүргізіліп отырады.
Әсер етуге 02.10.2023ж. №:KZ92VCZ03343489 экологиялық рұқсаттың негізінде 01.01.2024ж. бастап 31.12.2025ж. дейінгі әрекет ету кезеңінде Рұқсатқа сай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не 2024 жылы өндіріс және тұтыну қалдықтарын 6 495,194 мың тоннадан аспайтын көлемдерде орналастыру жүргізуге рұқсат етіледі. 

2024 жылдың 1-тоқсанында орналастырылған қалдықтардың көлемі келесіні құрады:

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат, нөмірі және берілген күні     Эмиссияларға арналған лимиттер,    Есепті кезеңдегі нақты эмиссиялар    Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі нақты эмиссиялар    Өсу/төмендеу себебі
     мың.т/жылына    мың.т/жылына    мың.т/жылына    эмиссиялар көлемінің
02.10.2023ж.№:KZ92VCZ03343489 әрекет ету кезеңіне 01.01.2024ж. - 31.12.2025ж.
Қалдықтар, мың.т/жылына    6 495,19    2 846,67    2 715,54    2023 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және қалдықтардың түзілу көлемдерінің ұлғаюы электр энергиясын өндірудің ұлғаюымен байланысты.
Күлқождар    6 494,83    2 846,52    2 715,18     
Қауіпті емес қалдықтар    0,363    0,148    0,349     
Қауіпті қалдықтар    0,004    0    0,003     
Радиоактивты сәулеленулеря, ГБк/жылына    жоқ    жоқ    жоқ     
                
Топырақ мониторингісі. 
Электр станциясының, күл үйіндісінің және қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) санитарлық-қорғаныс аймағының шекарасында топырақ сынамаларын сұрыптау және талдау шарттың негізінде 2024 жылдың III  ІV-тоқсанында өткізілді. 

Сынамалар алу қолданыстағы МЕМСТ-тарға сай 12 стационарлық бекеттерде жүргізілді.. 
Күл үйіндісінің СҚА шекарасы – 5 бекет;
Қалдықтарды жинақтағыштың (полигон) СҚА шекарасы – 4 бекет;
Электр станциясының СҚА шекарасы – 3 бекет;


ҚОҚ қызметінің бастығы   Павлова Т.Н.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»