«Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесінің белсенді пайдаланушылары-ақшалай сыйлықтармен және бағалы материалдық сыйлықтармен марапаттал?

Альмира Ауелбаева April 06, 2023

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС өндірістік кеңесінің шешімі негізінде 2023 ж. 1-тоқсанында, 05.04.2023ж. салтанатты жиналыс өткізілді, онда кәсіпорын қызметкерлері – «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесінің белсенді пайдаланушылары-ақшалай сыйлықтармен және бағалы материалдық сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша 2 АЕК мөлшерінде ақшалай төлеммен 2 жұмыскер  «Электр» цехының жетекші инженері К.М.Закриянов және қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цех бастығының орынбасары Бахтияр Манасович Габдуллин сыйақы алды.

Бағалы материалдық сыйлықтармен марапатталды:

1) Ақпараттық жүйеге деректерді енгізе отырып, қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиттерін белсенді және сапалы жүргізгені үшін – «Химиялық» цехтың жетекші инженері Айгуль Шакаровна Темербекова, «Автокөлік» цехының механигі  Ержан Слямханович Мадиев, ЖАӨ цехының шебері Сергей Алексеевич Карпов.

2) Ықтимал қауіпті оқиғаларды анықтағаны және деректерді ақпараттық жүйеге енгізгені үшін – ОКЦ-2 цехының инженері Ирина Сергеевна Щетникова, КТЦ-1 цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (турбина жөніндегі) Кайрат Шугаевич Ташенев, ҚНЖЖ цехының жабдықтарды жөндеу жөніндегі аға шебері Ерлан Уразгалиевич Курмангалинов. 

3) Ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасын белсенді пайдаланғаны үшін – ТАҚЖ цехының шебері Александр Николаевич Райлян, «Химиялық» цехтың жетекші инженері Анна Александровна Ткаченко, «Электр» цех бастығының орынбасары Ермек Болатович Бейсембаев.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің бастығы Р.Р.Абдрахманов жұмыскерлерге жобаны іске асыруға белсенді қатысқаны және «Қауіпсіз өндіріс» ақпараттық жүйесін енгізгені үшін алғысын білдірді.

Бұл жүйе компьютердің немесе ұялы телефонның көмегімен әрбір жұмыскерге ықтимал қауіпті жағдайлар туралы хабарлауға, кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін басқаруға қатысуға және сол арқылы еңбек жағдайын жақсартуға және жұмыс орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған цифрлық платформа болып табылады.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»