«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде 2022 жылғы 05-22 желтоқсан аралығында өткізілген «Мамандық бойынша үздік - 2022» конкурсы ту?
Альмира Ауелбаева
March 06, 2023
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде
2022 жылғы 05-22 желтоқсан аралығында өткізілген
«Мамандық бойынша үздік - 2022» конкурсы туралы ақпарат
Жыл сайын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде Энергетик Күнін мерекелеуге орайластырылған, дәстүрге айналған «Мамандық бойынша үздік» конкурсы өткізіледі. 2022 жылы аталған конкурс желтоқсанның 5-нен 22-не дейінгі кезеңде келесі мамандықтар арасында өткізілді:
- Электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі аға электр монтері;
- 7-разрядты энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі);
- 7-разрядты энергоблок машинисі (турбина жөніндегі);
- 6-разрядты отын беру машинисі;
- жөндеу жөніндегі сілесір (ҚжТДЦ, БГТЖ, ОБ);
- РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері;
- электр станциялардың АӨҚ қызмет көрсету жөніндегі электр сілесірі.
Конкурстың әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Конкурстың негізгі мақсаты қызметкерлер құрамының біліктілігін, жұмыскерлердің кәсіби қасиеттерін арттыру, беделін жоғарылату және Серіктестіктегі жұмыс мамандықтарының кәсіби құзыреттілігін тану болып табылады.
Конкурс жұмыскерлердің кәсіби ептіліктері мен дағдыларын жетілдіруге, конкурсқа қатысушылардың жетістіктері мен озық тәжірибесін насихаттауға, одан әрі кәсіби өсуді, бастамашылық пен іскерлік белсенділікті ынталандыруға, мамандыққа шығармашылық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Конкурс оған қатысушылардың теориялық білімдерін тексеруді, олардың тәжірибелік тапсырмаларды орындауын, сондай-ақ алғашқы медициналық көмекті дұрыс және жылдам көрсете білуді қоса алғанда, конкурстық тапсырмаларды орындауды көздейтін жарыстарды білдіреді.
Конкурстарды өткізуді ұйымдастыруға еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің мамандары, өндірістік құрылымдық бөлімшелердің инженерлік-техникалық жұмыскерлері белсенді қатысты, соның арқасында конкурстар қатысушылардың кәсіби дағдыларын толық бағалауға мүмкіндік беретін қызықты және мазмұнды болды. Ал комиссия мүшелері, Бас директор аппараты басшысының төрағалық етуімен, Бас инженердің, Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының және Кәсіподақ комитеті төрайымының қатысуымен конкурсқа қатысушылар тапсырмалардың барлық кезеңдерін дұрыс және қауіпсіз орындауын қатаң және құзыретті бағалады.
Өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша комиссия әрбір номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Олар келесілер:
- «7-разрядты энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі)» номинациясында:
1-ші орын – Щебетун М.В., «Қазандық-турбина-1» цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі);
2-ші орын – Жантенов М.Б., «Қазандық-турбина-1» цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі);
3-ші орын – Шаймарденов Е.С., «Қазандық-турбина-1» цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (қазандық жөніндегі).
- «7-разрядты энергоблок машинисі (турбина жөніндегі)» номинациясында;
1-ші орын – Тульбаев К.С., «Қазандық-турбина-2» цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (турбина жөніндегі);
2-ші орын – Шевченко С.Н., «Қазандық-турбина-2» цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (турбина жөніндегі);
3-ші орын – Тлеубаев К.Е., «Қазандық-турбина-2» цехының 7-разрядты энергоблок машинисі (турбина жөніндегі).
- «6-разрядты отын беру машинисі» номинациясында:
1-ші орын – Кубеев Е.Б., «Отын-көлік-2» цехының 6-разрядты отын беру машинисі»;
2-ші орын – Назикенов С.Н., «Отын-көлік-2» цехының 6-разрядты отын беру машинисі»;
3-ші орын – Дулатов О.Д., «Отын-көлік-2» цехының 6-разрядты отын беру машинисі».
- «Жөндеу жөніндегі сілесір (ҚжТДЦ, БГТЖ, ОБ)» номинациясында;
1-ші орын – Климов Р.В., «Турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың» бугазтурбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі 5-разрядты сілесірі;
2-ші орын – Мохов Д.С., «Химиялық» цехының бугазтурбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты сілесірі;
3-ші орын – Смехович А.Г., «Қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың» қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі сілесірі.
- «РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері» номинациясында:
1-ші орын – Рашиден Б.С., «Электр» цехының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты электр монтері;
2-ші орын – Аманжолов Т.Ж., «Электр» цехының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 6-разрядты электр монтері;
3-ші орын – Кадырханов А.Р., «Электр» цехының РҚжА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері;
- «Электр станциялардың АӨҚ қызмет көрсету жөніндегі электр сілесірі» номинациясында:
1-ші орын – Джарликаганов А.Е., «Жылу автоматикасы және өлшемдер цехының» электр станциялардың АӨҚ жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-разрядты электр сілесірі;
2-ші орын – Мынжанов Е.Е., «Жылу автоматикасы және өлшемдер цехының» электр станциялардың АӨҚ жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4-разрядты электр сілесірі;
3-ші орын – Асаубаев Р.А., «Жылу автоматикасы және өлшемдер цехының» электр станциялардың АӨҚ жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 3-разрядты электр сілесірі;.
Марапаттау 22.12.2022 жылы салтанатты жағдайда өткізілді. Бірінші орын алған әрбір номинация бойынша конкурс жеңімпаздары дипломмен марапатталды, оларға бір жылға кәсіби шеберлігі үшін тарифтік мөлшерлеменің 15%-ы мөлшерінде қосымша төлем белгіленді.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар, сондай-ақ номинациялар бойынша жеңімпаздардың тікелей басшылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.