«Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасының «7 алтын ережесін» енгізу жөніндегі ақпарат
Альмира Ауелбаева
November 24, 2023
«Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасының «7 алтын ережесін» енгізу жөніндегі ақпарат
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Б. Мақсұтовтың төрағалығымен әрі еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшыларының қатысуымен 2023 жылғы 1 қарашада өткізілген «Ұйымдағы еңбек денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басшының рөлі» тақырыбындағы ақпараттық сессияның хаттамасына сай еңбекті қорғау және қауіпсіздігі саласында компания қызметкерлері арасында өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмауға бағытталған ең маңызды шешімдер қабылданды.
Компанияның бірінші басшыларымен, оның ішінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Бас директоры Асан Акимгалиевич Наурзгалиевпен кездесу қорытындылары бойынша HEALTH&SAFETY саласында басшылықтың «Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасының «7 алтын ережесін» енгізу бойынша жеке міндеттемелері қабылданды.