https://www.instagram.com/p/DPnosumjAfe/?img_index=1
8 қазанда Екібастұз қаласында алғаш рет «Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіподағы» ҚБ республикалық комитетінің пленумы өтті. Іс-шараға Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау және Қазақстанның басқа өңірлерінен еліміздің ірі энергетика кәсіпорындарының кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері шақырылды.
Пленум аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған «Өзгерістер дәуіріндегі әділ еңбек: қорғау, даму, инновациялар» атты стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды. Осы мәселе бойынша «Қазақстандық салалық энергетиктердің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы О.Т. Бекбас баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар ұсынылып, тиісті қаулы қабылданды.
Пленум Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтті. Бұл күні ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен энергетиктердің салалық кәсіподағының наградалары тапсырылды. Марапатталғандардың арасында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің қызметкерлері бар. Олар:
– ОКЦ-1 отын беру жабдықтарын жөндеу жөніндегі 5-разрядты сілесірі Санников Александр Николаевич;
– ТЖЖ цехының бугазтурбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі 5-разрядты сілесірі Кульпенов Куандыков Султанбекович;
– ҚНЖЖ цехының бугазтурбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі 5-разрядты сілесірі Абдрахманов Нариман Кайроллаевич;
– ЖЖПЖ цехының 5-разрядты электр-газбен дәнекерлеуші Кошлов Александр Мадудович.
Кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне естелік сыйлықтар табысталды.
Әріптестерімізді лайықты наградаларымен құттықтаймыз және кәсіби қызметте мол табыс тілейміз!