+7 7187 282 125

Жаңа жыл қарсаңында

Ауелбаева Альмира January 16, 2024

Жаңа жыл қарсаңында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясының қызметкерлері балаларға ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін қаражат жинады. Балалық шақтың бал сәті – жаңа жыл екені белгілі. Әр бала тәттіге толы сыйлық күтетіні белгілі. Алайда оған қолы жетпейтін балалардың да бар екенін біз білеміз. Осы орайда біз № 5 мектептің 65 баласына қуаныш сыйлай алдық. Бұл шараға ОКЦ-1, ОКЦ-2, ЖЖПЖ және ҚНЖЖ цехтары қатысты. Сонымен қатар, біз мерекені одан да жарқын және сиқырлы ету үшін мектептегі Аяз ата мен Ақшақардің костюмдерін жаңартып бердік. Осы тамаша шараға қатысқан және балаларға арналған ұмытылмас естеліктер қалыптастыруға үлес қосқан барлық адамдарға алғыс айтамыз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»