+7 7187 282 125

Сиқыршы болу оңай

Ауелбаева Альмира January 08, 2024

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» жастар кеңесі «Сиқыршы болу оңай» атты жаңа жылдық акция ұйымдастырған болатын. Нәтижесінде әр бала өз сыйлығын алғанын қуана хабарлаймыз келеді. Бұл жұмыла кеткен жұмыскерлердің күш-жігері мен жауапкершілігінің арқасында болғанын айта кетейік. Әріптестеріміз барлық балалардың арманын орындап жаңа жылдық мереке күндерін ұмытылмас етуге тырысты.

Сонымен қатар, акция аясында азық-түлік себеттері де таратылды. Бұл өмірлік қиын жағдайға ұшыраған әр шаңырақ үшін шаттыққа толы сәт болды десек те болады. Балалардың қуанышы мен отбасының көңіл күйі бізді де шабыттандыып жіберді.

Біздің акция басқа ұйымдар мен адамдар үшін үлгі әрі мейірімділіктің жарқын мысалы болады деп үміттенеміз. Біз кез келген сәтте қиын шағдайға ұшыраған жандарға қолдау көрсету арқылы әлемді жақсарта аламыз. Осылайша біздің бірлігіміз өзгеге ғажайып күй сыйлап, өмірлеріне жарық әкелді.


Осы орайда әрбіріңізге қолдауларңыз бен жылы жүректеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Біз осы жаңа жылда сиқыршы бола алғанымызды және ерекше мұқтаж адамдарға қуаныш сыйлай алғанымызды мақтан тұтамыз. Сіздердің игі істеріңіз әрбір отбасына бақыт сыйғананына сенімдіміз, Өзіңізге және отбасыңызға жақсылық тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»