«Самұрық-Қазына» Жастар форумына Қор тобының 200-ден астам қызметкері қатысуда
Альмира Ауелбаева
December 26, 2023
«Самұрық-Қазына» Жастар форумына Қор тобының 200-ден астам қызметкері қатысуда
Алматыда Жастар саясатын дамыту бағдарламасы аясында Қор тобында жұмыс істейтін мамандар қатысуымен жастар Форумы өтуде.
Форумда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов құттықтау сөз сөйледі. Қор басшысы компаниялар тобында жұмыс істейтін 250 мың жұмысшының 80 мыңнан астамы жасы 35-ке дейінгі қызметкерлер екенін атап өтті.
Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ-да жастар қанаты белсенді дамып келеді.
Қызметкерлер түрлі іс-шараларға, соның ішінде оқу семинарлары мен спорттық турнирлерге, өндіріс орындарында тәжірибе алмасуға, қайырымдылық жұмыстар мен өзін-өзі дамыту челлендждеріне қатысады.
Іс-шара барысында жастар көшбасшылықты, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруды үйренді, шешім қабылдау дағдыларын, эмоционалдық интеллектін дамытып, 4D басқару жүйесімен танысты.