+7 7187 282 125

Республика күні

Ауелбаева Альмира October 31, 2023

Достар, Республика күні мерекесі – біздің жүрегіміз Отанымыз, Туған Қазақстанымыз үшін мақтаныш сезіміне бөленетін ерекше күн!

Бүгін станцияның белсенді жастар кеңесі «Туған Қазақстан» қызметкерлері арасында атаулы күнге арналған іс-шара – викторина өткізді. Бұл викторинада еліміздің мәдениеті, тарихы мен салт-дәстүрінің байлығы туралы білімімізді сынадық. Сұрақ-жауап Қазақстанымыздың қаншалықты керемет екенін, оның мұрасын қастерлеудің қаншалықты маңызды екенін еске салды.

Бәріміз патриот болайық, Отанымыз - Қазақстанды әр күн сайын қорғап, құрметтейік!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»