+7 7187 282 125

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те Николай Викторович Разумов туралы кітаптың тұсаукесері өтті.

Ауелбаева Альмира September 27, 2023

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те Николай Викторович Разумов туралы кітаптың тұсаукесері өтті.

 

Бұл күні жиналғандар сыйлы азамат, ардақты дос, құрметті тәлімгерді есіне алды. Николай Викторович электр энергетикасын дамытуда өзінің өшпес ізін қалдырды және оның бұл салаға қосқан үлесі біздің санамызда жаңғырып оралса, компанияның тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз..

 

Кездесуге Николай Викторовичтің туыстары, достары, энергетика ардагерлері мен әріптестері келді. Олардың әрқайсысы өз естеліктерімен бөлісіп, басты кейіпкерімізбен алғашқы кездесу, танысу және жұмыс барысындағы қызықты оқиғалар жөнінде айтып берді.

 

Қонақтар отбасылық мұрағаттан алынған фотосуреттер мен бейнелерді тамашалады. Өндіріс ардагерлері мен тілек білдірушілер үшін станцияға экскурсияға бару мүмкіндігі берілді.

 

Іс-шара асханада жалғасын тауып шай үстінде қонақтар естеліктерімен бөлісті.

 

#МАЭСЕкібастұз #НиколайРазумов #КітапТаныстырылымы #Естелік #Энергетика #Тарих

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»