Турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы Сергей Витальевич Поляковты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды
Альмира Ауелбаева
October 02, 2024
Турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың ұжымы Сергей Витальевич Поляковты зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Екібастұз 1-МАЭС-те өзінің еңбек жолын 1997 жылғы ақпанда БГТЖ жөндеу жөніндегі 5-разрядты сілесір лауазымында бастады. Өндірістегі 27 жылдық мансабында өзін сауатты маман ретінде көрсетті. Қызметтік міндеттемелерін орындауға адал ниетпен және толық жауапкершілікпен қарады.
Сергей Витальевичтің сіңірген еңбегін басшылық бірнеше рет атап өтті, 2017 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің Құрмет Тақтасына енгізілді, 2020 жылы ГОЭЛРО-Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарының 100 жылдығы медальмен; 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен; сол жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды.
Сергей Васильевичке көп жылдар бойы атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамыз, зор денсаулық, амандық және ұзақ өмір тілейміз.