Екібастұз 1-МАЭС-дегі еңбек жолы Оразғалиева Гүлнар Саматқызы металдар және дәнекерлеу Орталық зертханасының бастығы
Альмира Ауелбаева
October 01, 2024
Уақыт өз заңдарын белгілейді, қазіргі таңда гендерлік теңдік дәуірінде әйелдер ер адамдармен тең дәрежеде әртүрлі салаларда жұмыс істейді, әртүрлі кәсіптердің шыңдарын бағындыруда және көп жағдайларда бәсекелесе алады. «Нәзік жандар» ұғымының өзектілігі ішкі өзегі бар күшті әйелдерге жол берумен кеми бастады. Өндірісте жұмыс істейтін ханымдар ерекше назар аударуға лайық, олардың бірі Металдардың және дәнекерлеудің орталық зертханасының бастығы Гүлнәр Саматқызы Оразғалиева. Екібастұз 1-МАЭС-те өз еңбек жолын 1982 жылы өндірістік тәжірибеден өту кезінде бастады, 2011 жылы Металдардың және дәнекерлеудің орталық зертханасының (МжДОЗ) бастығы лауазымына тағайындалды.
Гүлнәр Саматқызы кәсіпорында ауыстыруға болмайтын қызметкерлерінің бірі деп атауға болады. Көп жылғы және адал ниетті еңбегі, іске жауапкершілікпен қарауы және өндірісті дамытуға қосқан зор үлесі үшін 2017 жылы Мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды. 2020 жылы ЕМАЭС-1 40 жыл мерейтойлық медалімен марапатталды, сондай-ақ осы жылы ГОЭЛРО-Ресейдің электрлендірудің мемлекеттік жоспарының 100 жылдығы медалін алды. 2023 жылы – «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы және ҚЭА-ның Ардагер Энергетигі атағы берілді.