Ардагеріміз, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың бастығы Шабақбаев Батырқан Омарұлын құрметпен әрі үлкен ризашылықпен еңбек демалысына шығарып салдық.

Альмира Ауелбаева September 10, 2024

Ардагеріміз, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, турбина жабдықтарын жөндеу жөніндегі цехтың бастығы Шабақбаев Батырқан Омарұлын құрметпен әрі үлкен ризашылықпен еңбек демалысына шығарып салдық.
Батырқан Омарұлының станциядағы еңбек жолы кәсіпорынды қалпына келтіру мен жаңғыртудың маңызды кезеңдерінен тұратын 24 жылдан астам уақытты қамтиды. Ол ұзақ уақыт басқарған цех бүкіл станцияның тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететір негізгі буын болып табылады.
Әріптестер Батырқан Омарұлынның еңбегін әрдайым жоғары бағалайды, оны жақсы тәлімгер болып қана қоймай, өз кәсібі мен өз ісіне берілген, нағыз еңбек адамының үлгісі.
Оның көп жылғы еңбегі жоғары бағаланып марапаттарға ие болды: 
— 2012 жылы «ҚЭҚ Құрметті энергетигі» төсбелгісімен марапатталды; 
— 2015 жылы ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі атағы берілді; 
— 2020 жылы Ресейдің мемлекеттік электрлендіру жоспарының-ГОЭЛРО 100 жылдығына арналған медальмен марапатталды; 
— 2021 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен және ҚР Энергетика Министрлігінің медалімен марапатталды, сондай-ақ қалалық «Еңбек адамы» Құрмет тақтасына енгізілді; 
— 2023 жылы оған ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі атағы берілді.
Ұжым атынан Батырқан Омарұлына көп жылғы адал еңбегі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз және зор денсаулық, амандық, ұзақ өмір тілейміз!
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»