2024 жылғы 6 қазанда Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға дайындық шеңберінде күндізгі кесте бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлермен кезекті кездесулер өтті

Альмира Ауелбаева September 19, 2024

2024 жылғы 6 қазанда Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС-те АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға дайындық шеңберінде күндізгі кесте бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлермен кезекті кездесулер өтті. Олардың қатарында ҚТЦ-1,2, ОКЦ-1,2, ЖАӨЦ, автокөлік цехы, ЖСжҚПҚҚ, электр цехы, ҚНЖЖ, ҚҚЖЖ, ТЖЖ, ЖЖПЖ, ТАҚЖ жұмыскерлері, сондай-ақ вахтаның ауысымдық жедел персоналы бар.
«АМАNАТ» партиясы БПҰ төрағасы С.Б.Серьянов, ОБ және ЖЖ жөніндегі басқарманың бастығы А.Н.Каирбаев және ЖАӨ цехының бастығы Е.Ш.Мингужин әріптестеріне Қазақстандағы атом саласын дамыту перспективалары туралы айтып берді. Жұмыскерлердің назарына су ресурстарының экологиялық аспектілері мен пайдаланылуын, АЭС құрылысының әлемдік тәжірибесін, қазіргі атом энергетикасының қауіпсіздігін, кадрлық әлеуетін және саланың отын құрамдас бөлігін қамтитын презентациялық материал ұсынылды.
Станция қызметкерлері өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, оларға толық және қанағаттанарлық жауаптар алды. Кездесу ашық диалог форматында, жылы және достық атмосферада өтті.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»