Сауықтыру пунктінің ұжымы станцияда 31 жыл фельдшер болып жұмыс істеген Абалина Галина Алексеевнаны құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Альмира Ауелбаева September 04, 2024

Сауықтыру пунктінің ұжымы станцияда 31 жыл фельдшер болып жұмыс істеген Абалина Галина Алексеевнаны құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Ісінің маманы, кез-келген уақытта мейрімділігімен жәрдемші бола білген аяулы жан Галина Алексеевнаны станцияның барлық ұжымы жақсы таниды және зор құрметпен сыйлайды. Сауықтыру пунктінің ұжымы өздерінің тәлімгері жайында жылы сөздер айтып, ісімен, сөзімен, мол тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырғандығы үшін алғыстарын білдірді.
Станция басшылығы атынан Галина Алексеевнаны директордың активтер және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Ж.Ибраев құттықтап, естелік сыйлықты станцияның кәсіподақ төрайымы Т.А.Чигвинцева табыстады. Галина Алексеевнаны станцияның барлық қызметкерлері құттықтады. Мықты денсаулық, өмірдің бар жақсылығын тілейміз!
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»