2024 жылғы 17 қыркүйекте «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС кәсіпорнының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен және станцияның өндірістік қызметкерлер құрамымен

Альмира Ауелбаева September 17, 2024

2024 жылғы 17 қыркүйекте «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС кәсіпорнының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен және станцияның өндірістік қызметкерлер құрамымен бірлесіп энергоблоктардың бірінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен кәсіпорынның өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ олардың іс-әрекеттерін бағалау болды.
Оқу жаттығуға барлығы 50 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша мұқият талдау жүргізілді, онда Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жауапты қызметкерлері өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту бойынша ұсыныстар берді. 
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»