Бүгін, 12 қыркүйекте «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»  ЖШС-нде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу қарсаңында ОКЦ-1, ОКЦ-2, Электр, ҚҚЖЖ, ТЖЖ, ЖАӨЦ, ТАҚЖ, ЖАӨЦ, ЖС және ҚПҚҚ цехтарының күндізгі қызметкерлер құрамымен, сон

Альмира Ауелбаева September 12, 2024

Бүгін, 12 қыркүйекте «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»  ЖШС-нде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу қарсаңында ОКЦ-1, ОКЦ-2, Электр, ҚҚЖЖ, ТЖЖ, ЖАӨЦ, ТАҚЖ, ЖАӨЦ, ЖС және ҚПҚҚ цехтарының күндізгі қызметкерлер құрамымен, сондай-ақ «В» вахтасының жедел қызметкерлер құрамымен кездесулер өтті. Іс-шараларға шамамен 150 адам қатысты.
БПҰ төрағасы С.Б. Серьянов әріптестеріне 6 қазанда өтетін және Қазақстан Президенті 2 қыркүйекте халыққа Жолдауында айтқан жалпыұлттық референдум туралы айтты. Кездесу аясында станция жұмыскерлеріне еліміздің атом саласының дамуы, АЭС құрылысының әлемдік тәжірибесі, экологиялық аспектілері, су ресурстарын пайдалану, заманауи атом энергетикасының қауіпсіздігі және саланың кадрлық әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, С.Б. Серьянов жұмыскерлерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Кездесу жылы және достық атмосферада өтті.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»