Бахтияр Манасович Габдуллин — «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цех бастығының орынбасары.

Альмира Ауелбаева September 10, 2024

Бахтияр Манасович Габдуллин — «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» қазандықтың қосалқы жабдықтарын жөндеу жөніндегі цех бастығының орынбасары. Ол өзінің станциядағы еңбек жолын 2007 жылы ҚҚЖЖ цехының 4-разрядты электр газбен дәнекерлеушісі ретінде бастады, сонымен қатар ол газ кескіштің жұмысын қатар үйлестірді. Бахтияр Манасович әрдайым біліктілігін арттырып, жаңа білімді игере отырып, дамуға ұмтылды. 2011 жылы ол 5-разряд алып ЕКИТИ колледжіне оқуға түсті. Ал 2013 жылы ол ҚҚЖЖ цехының қазандық және тозаң дайындау жабдықтарын жөндеу жөніндегі шебері болып тағайындалды. 
2017 жылы аға шебер лауазымына дейін жоғарлады, онда ол тозаң жүйелерін және тартып үрлеу машинасын жөндеу жөніндегі екі учаскені сәтті басқарды. Жоғары кәсіби біліктілігі мен кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін 2020 жылы академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын бітірген Бақтияр Манасұлы цех бастығының орынбасары болып тағайындалды. 
Бахтияр Манасович жұмыс істеген жылдары әріптестерінің құрметіне бөленді және бірнеше рет марапаттарға ие болды. 2015 жылы ол «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Құрмет грамотасын, ал 2021 жылы Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының (ҚЭҚ) Құрмет грамотасымен марапатталды.
 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»